Есет батыр ауылының тұрғыны "Күміс алқа" мемлекеттік наградасымен марапатталды

Есет батыр ауылының тұрғыны "Күміс алқа" мемлекеттік наградасымен марапатталды

Есет батыр ауылының тұрғыны Жумагулова Жазира Нурланқызы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Көп балалы ана ретіндегі еңбегі мен ел демографиясына қосқан үлесі үшін берілген бұл марапат – ананың мейірімі мен еңбегіне көрсетілген зор құрмет.

Жумагулова Жазира Нұрланқызын шын жүректен құттықтай отырып, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз!