Қарттар күні мен мүмкіндігі шектеулі жандар мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті

Қарттар күні мен мүмкіндігі шектеулі жандар мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өтті

Бүгін ауылымызда Қарттар күні мен мүмкіндігі шектеулі жандар мерекесіне орай арнайы мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында ақ дастархан жайылып, қонақтарға құрмет көрсетілді. Кешті “Сағыныш” хоры әсем әнмен әрлеп, мәдениет үйінің қызметкерлері мен арнайы шақырылған өнерпаздар тамаша өнерлерін тарту етті.

Іс-шараны ауыл әкімшілігі ұйымдастырды. Сондай-ақ, 70 жастан асқан зейнеткерлер шараға қатысып, шынайы ықыласқа бөленді.

Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен азаматтарға ауыл тұрғындары атынан ерекше алғыс айтамыз. Атап айтқанда, “Сәңкібай” шаруа қожалығының басшысы Шилмагамбетов Жанкожа ағамызға, “Қоспағамбет” ШҚ басшысы Сагалова Ақмарал Алпысбайқызына және “Eurasia Corp” ЖШС-нің басшысы Кушимов Ерлан мырзаға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Бұл мереке – қарияларға тағзым етіп, өмірлік тәжірибесін дәріптеудің, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамның айрықша көңіл бөлетінін көрсетудің айқын көрінісі болды.