Бесқоспы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Бесқоспы ауылдық округінің әкімі тағайындалды

Алға ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 19 мамырдағы шешіміне сәйкес Бесқоспа ауылдық округінің әкімі болып Таженов Нуржан Надирханович сайланды.

⚜️Таженов Нуржан Надирханович- 29 желтоқсан 1980 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Павловка селосында дүниеге келген. Білімі жоғары, отбасылы.

​2004 жылы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін кәсіптік жоғары білімді филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы бойынша, 2021 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік унивеситетін экономика факультетінің бизнес және басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

​Еңбек жолын 2003-2004 жылдары Алға аудандық аумақтық басқармасының көлік жүргізушісі болып бастаған, 2005-2006 жылдары Бесқоспа селолық округінің бас маманы, 2007 жылы № 2 Алға орта мектебінің әдіскері, 2010-2013 жылдары «Бесқоспа селолық округі әкімінің аппараты» ММ іс-қағаздарын жүргізушісі, 2013-2018 жылдары «Бесқоспа селолық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, 2018 жылы Қарағаш ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы, 2018 жылдан 2022 жылға дейін Қарағаш ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды. 2022-2024 жылдар аралығында Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2024-2025 жылдар аралығында Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымын атқарған.