
«Таза Қазақстан» Республикалық акциясы аясында Алға қаласында жалпы аудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Шараға 600-ге жуық адам, 40-тан астам ұйым және 10-нан астам техника тартылды.
Сенбілік барысында қала көшелері мен қоғамдық орындар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Сонымен қатар, жасыл аймақтар ретке келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.