Алға қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Алға қаласында «Таза Қазақстан» акциясы  аясында сенбілік өтті

2025 жылғы 16 қазанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Орталық саябақта» сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған шараға 30 мекеме мен 297 тұрғын белсене қатысып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында ағаштар әктеліп, саябақ аумағынан 45 тонна тұрмыстық қалдық арнайы 2 техникамен шығарылды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қала аумағын таза ұстау мақсатындағы бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.