Алға қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында қала аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Санитарлық тазарту жұмыстарына 33 мекемеден 311 адам ат салысып, 130 тонна қоқыс жиналды және 5 бірлік техника ұйымдастырылып, арнайы қоқыс полигонына тасымалданды.