Ауыл әкімі Отан қорғаушылар күнінде тұрғындарды құттықтады

Ауыл әкімі Отан қорғаушылар күнінде тұрғындарды құттықтады

Құрметті ауыл тұрғындары!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – ел қорғаған ерлердің ерлігі мен батырлығын дәріптейтін, туған жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында қызмет еткен азаматтарды ұлықтайтын ерекше мереке.

Отан алдындағы борышын адал атқарып, туған елінің тыныштығын қорғаған барлық ардагерлер мен азаматтарға алғысымыз шексіз. Сіздердің батылдықтарыңыз бен елге деген сүйіспеншіліктеріңіз – болашақ ұрпаққа өнеге.

Баршаңызға амандық, денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, елімізге бейбіт өмір тілеймін. Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Ізгі тілекпен,
Т.Мұналбай
Ауыл әкімі