Ақай ауылдық округінің әкімі Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Ақай ауылдық округінің әкімі Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Құрметті ауыл тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам – халқымыздың татулығы мен достығын, бірлігі мен келісімін айшықтайтын ерекше күн. Ұлт пен ұлысқа бөлінбей, ортақ мақсат жолында бірлесіп еңбек ету – еліміздің тұрақты дамуының басты кепілі.

Бейбітшілігіміз баянды, бірлігіміз бекем болсын! Әр отбасыға амандық, шаттық пен береке тілеймін!

Ізгі тілекпен,
Ақай ауылдық округінің әкімі
Т.А.Мұналбай