“23 сәуір кітап күні”

“23 сәуір кітап күні”

“Озық ойлы ұлт болудың төте жолы - кітап оқу” осылай деген Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Ұлттық кітап күнін атап өтуді ұсынды.Енді жыл сайын 23 сәуірде кітап күні мерекесі аталып өтеді.Осы орайда оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Ақай ауылдық кітапханасында “23 сәуір кітап күні” атты көрме ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.Шарада балаларға кітап күнінің маңыздылығы мен Дүниежүзілік кітап күнінің тарихы, кітаптың қалай жасалатыны және керемет кітап туралы қызықты мағлұматтар айтылды.Шара барысында оқушылар кітап туралы тақпақтар айтып, мақалдың жалғасын тауып, жұмбақтар шешті.
“Кітап - нәзік те, тұнық әлем!” “Әлем кітап беттеріне жазылу үшін жаратылған”- деп ұлы ғұлама айтқандай, адамзат тарихының өзі - кітап.