Профилактикалық іс-шаралар аясында иесіз нысандарға мониторинг жүргізілді.

Профилактикалық іс-шаралар аясында иесіз нысандарға мониторинг жүргізілді.

«Айқын нәтиже» жобасы аясында Ақай ауылдық округі аумағында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, иесіз және қараусыз қалған нысандарға кешенді мониторинг жүргізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – ауыл аумағындағы санитарлық жағдайды жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында жауапкершілікті арттыру болып табылады.

Іс-шараға Ақай ауылдық округінің әкімі Т.Мұналбай, учаскелік полиция инспекторы Кенаш С., Ақай дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Толстиков Е., Ақай өрт сөндіру бекетінің аға өрт сөндірушісі Сарсенов С., сондай-ақ Ақай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уразова А. және мектеп социологі Жангалиева А. қатысып, бірлескен түрде ауыл аумағындағы қараусыз қалған тұрғын үйлерді аралап шықты.

Тексеру барысында иесіз қалған, ұзақ уақыттан бері күтімсіз тұрған нысандар анықталып, олардың қазіргі жағдайына баға берілді. Сонымен қатар, иесі бар болғанымен, қараусыз қалып, бұзылу қаупі бар тұрғын үйлердің иелеріне заң талаптарына сәйкес ескерту жасалып, тиісті шаралар қабылдау қажеттігі түсіндірілді.

Мұндай профилактикалық жұмыстар ауылдың көркеюіне, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.