
Екі айлық сенбілік аясында мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, ауылымыздың тазалығына өз үлестерін қосты. Ұжым болып ұйымдасқан түрде тазалық жұмыстарына шығып, белгіленген аумақтарды қоқыстан тазарту, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, ауылға кіреберіс 16 шақырым аумақ толықтай тазаланып, жол жиегі мен айналасы қоқыстан аршылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 35 қап қоқыс жиналып, арнайы қоқыс полигонына шығарылды.
Сонымен қатар сенбілік барысында аумақты абаттандыру, қоршаған ортаның эстетикалық келбетін жақсарту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Мұндай шаралар ауылдың көркеюіне оң әсерін тигізіп, тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттырады.