22 наурыз – Ақай ауылында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті.

22 наурыз – Ақай ауылында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы кеңінен аталып өтті.

Мереке аясында ауыл тұрғындарына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, ұлттық рухты көтеретін ән-күйлер мен өнер көрсетілді.

Сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі ұлттық ойындары ойнатылып, гір көтеру, қазақша күрес, қол күрес, арқан тартыс сынды сайыстар өтті. Қатысушылар өз күштері мен ептіліктерін көрсетіп, тартысты дода көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Мереке барысында келген қонақтарға ақ дастархан жайылып, ұлттық тағам – Наурыз көже ұсынылды.

Бұл күн ауыл тұрғындары үшін бірлік пен берекенің, қуаныш пен шаттықтың мерекесіне айналды.