Көлтабан ауылында Наурыз мейрамы атап өтілді

Көлтабан ауылында Наурыз мейрамы атап өтілді

20 наурыз күні Ақай ауылдық округіне қарасты Көлтабан ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке аясында ауыл тұрғындары мен қонақтарына Наурыз көже ұсынылып, ақ дастарқан жайылды.

Бағдарлама барысында қазақша күрес, арқан тартыс және гір тасын көтеру секілді ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, ауыл өнерпаздары мерекелік концерт қойды. Шараның салтанатты бөлімінде ауыл әкімі округтің дамуына үлес қосып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан бірнеше азаматты арнайы Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.