Қазақтың сәлемдесу дәстүрі

Қазақтың сәлемдесу дәстүрі

Сәлемдесу – қазақ халқының ежелден келе жатқан әдептілік пен сыйластықты білдіретін жақсы дәстүрлерінің бірі. Адамдар бір-бірімен кездескенде амандасып, жылы сөз айту арқылы өзара құрмет көрсетеді. Үлкенге ізет білдіріп, кішіге қамқорлық таныту – қазақы тәрбиенің негізі.

Қазақ халқында сәлемдесудің түрлі түрлері бар. Мысалы, жастар үлкендерге иіліп сәлем берсе, ер адамдар қол алысып амандасады. Ал әйелдер мен қыз-келіншектер үлкендерге сәлем салып, құрмет көрсетеді.

Сәлемдесу – адамдар арасындағы сыйластықты арттырып, татулық пен бірлікті нығайтатын әдемі дәстүр.