Ақтөбелік оқушы қалдықтардан құрылыс материалын өндіретін зауыт жобасын ұсынды

Ақтөбелік оқушы қалдықтардан құрылыс материалын өндіретін зауыт жобасын ұсынды

📷Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық орта мектебінің 9-сынып оқушысы Құснатдин Қуаныш «Ақтөбе қаласының тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу» тақырыбында қоқысты тиімді өңдеп, одан құрылыс материалдарын өндіретін зауыттың бизнес-жоспарын әзірледі.

📷Қуаныш ұсынған «Болашақ» ЖШС зауытының жобасы – экологиялық ахуалды жақсартуға, қоқыс көлемін азайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасын дамытуға бағытталған тың бастама.

📷Жас зерттеуші зауыттың макетін жасап, нақты технологиялық шешімдер мен іске асыру тетіктерін ұсынды. Жоба 2025 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асып, 2030 жылы толық қуатына шығуы жоспарлануда.

📷Биылғы 2024–2025 оқу жылында өткен «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсында Қуаныштың еңбегі жоғары бағаланып, ол жүлделі ІІ орынды иеленді.

«Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның борышы. Егер біз бүгін табиғатқа қамқорлық танытсақ, ертең таза әрі қауіпсіз елде өмір сүреміз. Менің арманым – елімнің экологиясына өз үлесімді қосу және болашақта осындай зауыттардың шын мәнінде іске қосылуын көру», – дейді жас зерттеуші Қуаныш.