Оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін қадағалау мақсатында кезекті түнгі рейд ұйымдастырылды. Рейд барысында кәмелет жасына толмағандардың заңсыз әрекеттерге бармауы, көшеде бейуақытта ата-анасының қарауынсыз жүрген жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Мақсаты:
• Оқушылардың түнгі мезгілде қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылыққа бармауын алдын алу;
• Жасөспірімдердің бейуақытта жүрмеуін бақылау;
• Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.
Түнгі рейдтер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.