Алға ауданының спортшылары "Ақ бидай–2025" ойындарында ерекше көзге түсті

Алға ауданының спортшылары "Ақ бидай–2025" ойындарында ерекше көзге түсті

Хромтау қаласында өткен «Ақ бидай – 2025» VIII облыстық ауыл спорты ойындарында Алға ауданының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.

Шағын футболдан ауданның құрама командасы барлық қарсыластарын ұтып, чемпион атанды.

Қазақша күрестен 66 кг салмақта Умирбаев Темирлан І орынды иеленсе, 60 кг салмақта Калдыгереев Әбубәкір ІІ орынға ие болды.

Қол күресі бойынша Абенов Талғат жүлделі ІІІ орынға, ал тоғызқұмалақтан Курманалина Фатима ІІІ орынға қол жеткізді.

Бұл жеңістер – аудан спортшыларының еңбегі мен дайындықтарының жемісі.