Ақай ауылдық округі бойынша су айдындарының жағасына суға түсуге тыйым салынғандығы жөнінде ескерту жазылған тақтайшалар орнатылды. Бұл шара тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қолға алынды.
Ескерту тақтайшаларында суға түсуге тыйым салу себептері, су айдындарының қауіпті аймақтары және төтенше жағдайлар кезінде байланыс номерлері көрсетілген. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен қонақтарға қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған шаралар судағы қайғылы оқиғалардың алдын алып, тұрғындардың амандығын сақтауға бағытталған маңызды профилактикалық іс-шара болып табылады.