Дүкендерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Дүкендерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Ақай ауылдық округі бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін сақтау жөнінде дүкен иелерімен және сатушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, тиісті жадынамалар таратылып, баға саясатын сақтау қажеттілігі туралы ескерту жасалды.

Бұл шаралар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және азық-түлік бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.