Балалар қауіпсіздігі

Балалар қауіпсіздігі

Бүгінгі таңда балалардың терезеден құлауы-күнделікті өмірде балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына келіп түскен ақпараттар бойынша ағымдағы жылдың 3,5 айында ел бойынша балалардың терезеден құлауының 28 жағдайы тіркелді, соның салдарынан 3 бала (5 жасқа дейінгі) қайтыс болды, қалған 25-і ауруханаларға жатқызылды. Тек соңғы аптада 6 жағдай орын алды, нәтижесінде 2 бала қайтыс болды. Статистика көрсеткендей, балалардың құлауы балаларды қараусыз қалдыруға және терезелерге ашық қол жеткізуге байланысты.
Ел бойынша статистика келесідей:
Астана қ. - барлық жағдайлар саны-10 болса, жарақат алғандар саны - 8 және қайтыс болғандар саны-2.
Шымкент қ. - барлық жағдайлар саны- 1 болса, жарақат алғандар саны - 1.
Қарағанды қ. - барлық жағдайлар саны - 6 болса, жарақат алғандар саны - 6.
Ақмола қ. - барлық жағдайлар саны-2 болса, жарақат алғандар саны - 1 және қайтыс болғандар саны-1.
Атырау қ. - барлық жағдайлар саны-2 болса, жарақат алғандар саны - 2.
Маңғыстау қ. - барлық жағдайлар саны-2 болса, жарақат алғандар саны - 2.
Жамбыл қ. - барлық жағдайлар саны-1 болса, жарақат алғандар саны - 1.
Қостанай қ. - барлық жағдайлар саны-1 болса, жарақат алғандар саны - 1.
Қызылорда қ. - барлық жағдайлар саны-1 болса, жарақат алғандар саны - 1.
Павлодар қ. - барлық жағдайлар саны-1 болса, жарақат алғандар саны - 1.
Ұлытау қ. - барлық жағдайлар саны-1 болса, жарақат алғандар саны - 1.
Бала бар пәтерде қауіпсіз орта болуы үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
📌 Терезелерді ашқан кезде баланың бақылауда екеніне көз жеткізіңіз.
📌 Ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде алғыз қалдырмаңыз.
📌 Балаңызға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз.
📌 Балаға ересектердің сүйемелдеуінсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.
📌 Көбінесе терезе желдеткішін ашыңыз, пластикалық терезелерді жоғары қарай ашыңыз.
📌 Барлық жиһазды терезелерден алысырақ қойыңыз.
📌 Терезеге арналған бекіткіш - бұғаттауыш орнатыңыз.
📌 Терезеге гүлдерді немесе заттарды қойыңыз.