Тағзым және тағылым

Тағзым және тағылым

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Шалқар қаласында Ідіріс Үргенішбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға аудан әкімі Жанболат Жидеханов, ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім мен мекеме басшылары, қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген аудан әкімі Жанболат Жидеханов:
«Батырларымыздың ерлігі – елдіктің мәңгілік символы. Ідіріс Үргенішбаев сынды Отан үшін от кешкен ардақтыларымыздың есімі ұрпақ жадында мәңгі жаңғыра бермек. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – тек мерейтой емес, ел тарихына тағзым, ерлікке тағылым», – деді.

Шараға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлік жолында құрбан болғандарды еске алды.

Айта кетейік, мерейтой аясында Ідіріс Үргенішбаев ескерткіші жергілікті бюджет есебінен абаттандырылды.
Бұл – батыр рухына көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі.