Шалқар темір жол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Аталған реконструкция жұмыстары вокзалдың инфроқұрылымын жаңартып жолаушыларға жайлы әрі замануи жағдай жасауға бағытталған. Жөндеу барысында ғимараттың ішкі және сыртқы келбеті жаңартылып, замануи талаптарға сай қайта жабдықталады. Осыған байланысты белгілі бір уақыт аралығында вокзал қызметкерлерінде уақытша өзгерістер орын алуы мүмкін. Құрылыс кезеңінде жолаушыларға уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Сіздерден түсіністік пен төзімділік танытуларыңызды сұраймын.