Тазалық жұмыстары жүргізілді

Тазалық жұмыстары жүргізілді

Әйтеке би көшесі 31-үй тұрғындарының назарына!
2025 жылдың 14 сәуір күні Шалқар қаласы әкімдігінің қоғамдық жұмысшылары сіздердің аулаларыңызда толыққанды тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық – баршамызға ортақ іс. Таза орта – денсаулық кепілі. Ауланың көркі мен тазалығы сіздердің күнделікті жауапкершіліктеріңізге де байланысты екенін ұмытпаңыздар. Сондықтан баршаңызды қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқысты арнайы орындарға тастауға және тазалық қағидаларын сақтауға шақырамыз.

Бірге күтіп-баптасақ, ауламыз көркейе түседі!