Жол ашу және қар шығару жұмыстары қарқынды режимде жүргізілуде

Жол ашу және қар шығару жұмыстары қарқынды режимде жүргізілуде

Шалқар қаласында ауа-райының күрт жылынуына байланысты қар тазарту, жол ашу және қар шығару жұмыстары қарқынды режимде жүргізілуде. Жауапты мердігер Сағыныш Мұратұлы қала бойынша бұл жұмыстардың түнгі уақытқа қарамастан үздіксіз жүріп жатқанын және қаламыздың барлық аймақтарын қамтитынын айтты. Сонымен қатар, қала тұрғындарының қауіпсіздігі басты назарда екенін ерекше атап өтіп, жолдарды тазарту және қозғалысқа қолайлы жағдай жасау үшін барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қардан тазартылған жолдарда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін "Шалқар қаласы әкімінің аппараты" ММ-сі тарапынан тиісті бақылау тұрақты жүргізілуде.