ТМД сайлау органдары басшыларының отырысында референдум мен ЖИ мәселелері талқыланды

ТМД сайлау органдары басшыларының отырысында референдум мен ЖИ мәселелері талқыланды

ТМД сайлау органдары басшыларының отырысында референдум мен ЖИ мәселелері талқыланды

19 ақпанда Санкт-Петербург қаласында Қазақстанның төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сайлау органдары басшыларының Консультативтік кеңесінің VII отырысы өтті. Іс-шараға ТМД елдерінің орталық сайлау органдарының басшылары мен өкілдері, ТМД Атқару комитетінің және ТМД Парламентаралық ассамблеясының басшылығы, МИМРД ТМД ПАА, сондай-ақ электоралдық саладағы жастар саясаты жөніндегі Жұмыс тобының өкілдері қатысты. Сонымен қатар Түркия Республикасының Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер және Сербия Республикасының Республикалық сайлау комиссиясының мүшесі Велько Перович қатысты. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумға дайындық барысы туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық ұйымдастырушылық шаралар ұлттық заңнама мен бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілуде. Процедуралардың ашықтығын қамтамасыз етуге, комиссия мүшелерін оқытуға және мүгедектігі бар азаматтарды қоса алғанда, барлық санаттағы сайлаушылар үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылып отыр.