Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен дәрігерлік амбулатория салынды
📍 Ақтөбе облысының Маржанбұлақ ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында салынды.
🏥 Жаңа амбулатория ауысымына 45 келушіге есептелген және барлық қажетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимаратта пациенттерді қабылдауға арналған кабинеттер, емдеу және қарау бөлмелері қарастырылған, бұл тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
🔸 Нысанның құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 190 млн теңге бөлінді. Жұмыс Президент бастамашылық еткен «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілді.
🏗 Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен және Арнаулы мемлекеттік қор қаржысынан ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда төрт нысан пайдалануға берілді, жетеуінің құрылысы жалғасуда.