Металлургия саласында ферроқорытпа (+0,9%), шойын (+9,5%), болат (+2,3%), мыс (+3,6%), қапталған болаттан жасалған сэндвич-панельдер (+39,6%) өндірісінің өсуі есебінен 6 айда өндіріс көлемі 0,1%-ға өсті.
Жеңіл өнеркәсіп секторында киім (+5,6%) және тоқыма (+5,7%) өндірісінің артуы есебінен саланың өндіріс көлемі 4,1%-ға өсті.
Химия өнеркәсібінде полипропилен (+63%), фосфор тыңайтқыштары (+10,9%), металлургиялық хром оксиді (+1,6%), аммофос (+81%), күкірт қышқылы (4,5%), лак-бояу материалдары (+5,8%), жуғыш заттар (+5,8%) өндірісінің артуы есебінен өндіріс көлемі 7%-ға артты.
Құрылыс материалдары өндірісінде өсім отқа төзімді бұйымдар (+0,9%), цемент (+21,8%), әк (+8,3%), құрылысқа арналған бетон бұйымдары (+13,1%), бетоннан, тауарлы бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары (+13,1%), құрылыс ерітінділері (+8,5%), ескерткіштер, әрлеу мен құрылысқа арналған өңделген тас (+28,2%), сондай-ақ цементтен, бетоннан немесе жасанды тастан жасалған плиткалар, плиталар, кірпіштер және ұқсас бұйымдар (+7,5%) өндірісінің артуы есебінен 8,6% құрады.