Тұрғындар назарына!

Тұрғындар назарына!

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті, ағымдағы жылдың басынан бері облыс бойынша әр түрлі себепке байланысты 20 адам судан қаза тапқанын (Ақтөбе қаласы – 5, Алға – 2, Әйтеке би – 1, Байғанин – 1, Қандыағаш – 1, Мұғалжар – 2, Темір – 2, Шалқар – 1, Ырғыз – 1 аудандары) хабарлайды.

Осыған байланысты барлық тұрғындарды суға түсуге рұқсат етілмеген, арнайы белгіленбеген орындарда шомылмауға шақырамыз!

Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың басты себебі — қауіпсіздік талаптарының сақталмауы мен немқұрайлық. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін төмендегі ережелерді қатаң сақтаңыздар:
• Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыз;
• Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
• Мас күйде суға түспеңіз;
• Қауіпсіздік белгілеріне назар аударыңыз;
• Құтқару құралдарын пайдалануға дайын болыңыз.

Есіңізде болсын: су — қауіпті! Сақтық – өмір кепілі!
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!