🏃♂️ «SHALQAR RUN–2025» ЖАППАЙ ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТТІ!
Бүгін Шалқар қаласында нашақорлықтың алдын алу мақсатында «Shalqar Run–2025» жаппай жүгіру марафоны өтті.
🔹 Шара Шалқар ауданы прокуратурасының бастамасымен, аудандық жастар ресурстық орталығы, полиция бөлімі және білім бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.
Марафонды Шалқар ауданының әкімі Ж.Жидеханов пен аудан прокуроры Н.Қатуов ашты. Олар бұл шараның Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауына сәйкес әзірленген 2025–2030 жылдарға арналған заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы аясында өтіп жатқанын атап өтті.
📍 Қатысушылар Әйтеке би – Желтоқсан көшелерінің қиылысынан басталып, А.Жұбанов көшесін қиып өтіп, Е.Көтібарұлы көшесінің бойымен жүгіріп, орталық саябақта мәреге жетті.
🏅 Марафонды сәтті аяқтаған 10 ер және 10 әйел қатысушыға аудан әкімінің атынан естелік медальдар, алғыс хаттар және сыйлықтар табысталды.
Жүлдегерлер төмендегідей марапатталды:
🥉 3-орын – 20 000 теңге
🥈 2-орын – 30 000 теңге
🥇 1-орын – 50 000 теңге
🔸 Аудан әкімі Ж.Жидеханов барша қатысушыларға алғыс білдіріп, шараның маңыздылығын атап өтті.
📸 Іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.
#ShalqarRun2025 #ШалқарАуданы #ЖастарБастамасы #НашақорлыққаЖолЖоқ #СалауаттыӨмірСалты #ӘділеттіҚазақстан