Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай Шалқар қаласында батырдың есімімен аталатын көшеде асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бұл игілікті істің бастамасы – елдің ерлігіне деген құрметтің көрінісі.
Қала әкімі және қала әкімінің орынбасары жол құрылысына жауапты мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше мән беру қажеттігін ескертті. Әлиядай аңыз тұлғаның есімімен аталған көше – құрмет пен тағзымның жолы, сондықтан әрбір шаршы метрі ұқыптылықпен және асқан жауапкершілікпен төселуі тиіс.