Спорттық инфрақұрылымды дамыту

Спорттық инфрақұрылымды дамыту

Шалқар қаласында спорттық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде
Жабық жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені
Халықтың денсаулығын нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат еткен бұл нысанның тапсырыс берушісі – Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.
Мердігер «TUNAY STROY PROJECT» ЖШС
Жалпы құны 661,9 млн теңге.
В.Н.Цеханович атындағы №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Бұл нысан – балалар мен жасөспірімдердің спортпен жүйелі түрде шұғылдануына жағдай жасауға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба.
Мердігер – «Нур-Талап и К» ЖШС. Жобаның жалпы құны 1 855,5 млн теңге.
Аталған қос нысанның құрылыс барысын аудан әкімі Жанболат Жидеханов пен аудандық мәслихат төрағасы Жарылқасын Шамбалаев арнайы барып көріп, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бұл нысандар – өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды қадамдар. Құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда.