Қаламызда үйірлі шегірткеге қарсы күрес күшейтілген режимде жүргізілуде

Қаламызда үйірлі шегірткеге қарсы күрес күшейтілген режимде жүргізілуде

Шалқар қаласы аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін үйірлі шегірткелердің таралуының алдын алу мақсатында химиялық өңдеу жұмыстары күшейтілген режимде атқарылуда. Бұл зиянкестер көп жағдайда жайылымдық және егістік алқаптарға үлкен қауіп төндіреді. Егер уақтылы шаралар қолданылмаса, олар ауыл шаруашылығы өнімдеріне орасан зор залал келтіруі мүмкін.

Осыған байланысты Жангелдин қалашығындағы көпірдің маңы және Андағұл зиратының төңірегінде арнайы дәрілік заттармен өңдеу жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар шегірткелердің таралу ошақтарын ерте анықтап, оларды дер кезінде жоюға мүмкіндік береді.

Химиялық өңдеу — үйірлі шегіртке сияқты қауіпті зиянкестерге қарсы күрестің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Бұл жұмыстар мамандандырылған мекемелердің бақылауымен, экологиялық және санитарлық талаптарға сай жүзеге асырылады. Тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұраймыз.