Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты ақтөбеліктер де тамашалады

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты ақтөбеліктер де тамашалады

Отан қорғаушылар күні қала әкімі
Азамат Бекет ақтөбеліктермен бірге Астанадағы
«Қазақ елі» алаңында өткен Ұлы Жеңістің 80
жылдығына арналған Әскери парадты "Қазақ
халқына мың алғыс" стелласы алдына құрылған
LED-экран арқылы қарады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ту ұстаушылар тобы Мемлекеттік туды және Жеңіс туын алаңға алып шыққанын экран арқылы тамашалаған ақтөбеліктер ерекше әсер алғандарымен бөлісті.
Жеңістің Қызыл туы - осыдан 80 жыл бұрын әйгілі
отандасымыз Рақымжан Қошқарбаев пен оның
майдандасы Григорий Булатов Рейхстагқа тіккен
тудың көшірмесі.
Сұрапыл соғыс жылдары қазақстандық сарбаздар
майданның алдыңғы шебінде, ең қанқұйлы шайқастарда ерліктің ерең үлгісін көрсетті.
1945 жылы 30 сәуірде қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тікті.
Осынау даңқты ерлігі үшін Қошқарбаев сол кезде
«Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
Ал 1999 жылы 7 мамырда Рақымжан Қошқарбаевқа
«Халық қаһарманы» атағы берілді.