Жер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгертуге болады?

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгертуге болады?

Егер Сіз өз жылжымайтын мүлігіңіздің мақсатын өзгерткіңіз келсе, оны «Электрондық Үкіметтің» веб-порталының көмегімен жасаңыз:

  1. www.elicense.kz "электрондық лицензиялау" порталына кіріңіз;
  2. Жүйеге кіріп (ЭЦҚ кілтіңіз қажет), www.elicense.kz "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз;
  3. Қызмет тізімінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» тауып, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" түймесін басыңыз;
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішке, ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
  5. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.