Ерікті зейнетақы жарналары инвестицияланады ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға бола ма?
![Ерікті зейнетақы жарналары инвестицияланады ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға бола ма?]()
Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарыныңбарлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі.Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады.Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельдібасқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдіңтүрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады.Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толықкөлемде сеніп тапсыруға болады.Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтінішібойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады.Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертугеболады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша,зейнетақы активтерін басқаруға қатысу - ЕЗЖ-нің тағы бір артықшылығы.