Кәмелетке толған немесе 18 жасқа 2025 жылы толатын отандастарымыз «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша тиесілі қаржысын өз бетінше тексере алады.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы екінші жыл жүзеге асырылуда.Оның аясында Ұлттық қордың валюталық инвестициялық кірісінің 50%-ы2006 жылдан бастап туған Қазақстан азаматтары арасында жыл сайынбөлінеді.2006-2007 жылы туған және 2024-2025 жылдары 18 жасқатолған/толатын жастардың мақсатты жинақтары (МЖ) олардың Бірыңғайжинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) ашылған мақсатты жинақтаушоттарына (МЖШ) аударылды. Бұл қаражатты тұрғын үй жағдайларынжақсарту немесе білім ақысын төлеу үшін пайдалануға болады.📌 Маңызды! Кәмелетке толған азаматтар, сондай-ақ 2025 жылы 18-гетолатын жастар, өздерінің мақсатты жинақтарын ЕНПФ немесе eGovсайтындағы жеке кабинет арқылы өздері тексеруі керек.📌 Бағдарлама бойынша аударылған қаражат:• 2023 жыл – 100,52 $• 2024 жыл – 129,38 $2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қорданалғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ долларымөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туғанбаланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылытуған баланың НЖШ-да 232,94 АҚШ доллары жинақталды.Төлем алу үшін АҚШ долларында банктік шот ашу, уәкілетті оператор (УО)арқылы өтініш беру және қаражаттың мақсатты пайдаланылуын растауқажет.📌 Егер 10 жыл ішінде қаражат пайдаланылмаса, олар автоматты түрдеҰлттық банктің бағамы бойынша теңгеге айналып, БЖЗҚ-дағы еріктізейнетақы жарналары (ЕЗЖ) ретінде есепке алынады. Бағдарламаныңшарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен kids.enpf.kz сайтында жәнеБЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында танысып, өзіңізді қызықтыратынсұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға»бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгііс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көре аласыз!