
Ақтөбе қаласында 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Олардың құрылыс барысын қала әкімінің орынбасары Сұлтан Аманчин облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Шоқпытовпен бірге барып қарап шықты.
Биыл жыл соңына дейін Заречный-3, Нокин, Қызылжар, Ясный, Ақжар тұрғын алаптарында салынып жатқан спорт кешендері пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталу сатысында.