Қалада көшеттердің дәстүрлі көрме - жәрмеңкесі өтуде

Қалада көшеттердің дәстүрлі көрме - жәрмеңкесі өтуде

«Нұрғасыр» орталық мешітінің көліктұрағында қалалық кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырған көшеттер жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеде Ақтөбе қаласының, Темір және Қобда аудандарының орман шаруашылықтары, сондай-ақ көшеттерді өсірумен және сатумен айналысатын кәсіпкерлер, тұрғындар өз өнімдерін ұсынды. Жеке қосалқы шаруашылықтар сатып алушыларға жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген көшеттердің, жеміс-жидек және сәндік ағаштар мен бұталардың, көпжылдық гүлдер мен экзотикалық өсімдіктердің кең ассортиментін ұсынды. Сондай-ақ, жәрмеңкеде тыңайтқыштар мен бақша құралдарын сатып алуға мүмкіндік туды.
Жалпы, жәрмеңке сәтті өтіп, сатылымға әкелінген көшеттер мен басқа да ілеспе өнімдер толайым сатылды.
Кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбіде мамыр айының соңына дейін өткізіледі.