Кәсіпкерлерді сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырды

Кәсіпкерлерді сенбіліктерге белсенді қатысуға шақырды

Ақтөбе қаласы әкімдігінде қалалық прокуратура және облыстық мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және олардың алдын алу, жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі, сонымен қатар мемлекет басшысының бастауымен «Таза Қазақстан» республикалық акциясын кеңінен үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізу бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ақтөбе қаласы прокуратурасының өкілдері өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін интернет мүмкіндіктерін оңтайлы пайдаланатын алаяқтардың әдістері туралы айтып, проблеманың алдын алу жолдарын түсіндірді. Кәсіпкерлерді интернет арқылы сауда және қызмет көрсету барысында жасалған қылмыстардан сақ болуға шақырды.

Жалпыға бірдей декларациялаудың қалай енгізілетіні және кәсіпкерлер декларацияларды қалай толтыруы керектігі туралы мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының қызметкерлері ақпараттандырды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерін шетте қалмауға және көктемгі «Таза Қазақстан. Ақтөбе – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында қаланы санитарлық тазалауға, абаттандыруға және көгалдандыруға белсенді қатысуға шақырды.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге жадынамалар таратылып, ұсыныстар берілді, ал кәсіпкерлер болса өз кезегінде оларды қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.