Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша «Дөңгелек үстел»

Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша «Дөңгелек үстел»

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында сәулет және қала құрылысы саласында туындаған мәселелер бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді. Ақтөбе қаласы әкімдігінің және «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметкерлерімен бірлесіп, проблемалық мәселелер талқыланды және халыққа одан әрі сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шешу жолдары қарастырылды.