Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем неден құралады? Қалай есептеледі?

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем неден құралады?                 Қалай есептеледі?
  • Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен қамтылған (еңбек ететін) азаматтарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем :
  • арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан (республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі (ТКД) мөлшерінде тағайындалады және ол 2024 жылы 86 814 теңгені (2*43 407) құрайды);
  • зейнетке шығу алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінен (сақтандыру ұйымы қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары есебінен 2024 жылы – 43 407 теңге мөлшерінде тағайындайды);
  • жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін кәсіптік төлемнен (жұмыскер еңбек шартын бұзған немесе еңбек жағдайларын өзгерту туралы еңбек шартына қосымша келісім жасасқанда жұмыс беруші 2024 жылы – 43 407 теңге мөлшерінде 1 ТКД тағайындайды);
  • БЖЗҚ-дан МКЗЖ және (немесе) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен (жоғарыда аталған тұлғалардың оларды алуға келісімі болған жағдайда (зейнетақы төлемдерінің мөлшері БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының мөлшеріне байланысты болады) тұрады.

           Арнаулы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды;

 

  • Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істемейтін (еңбек етпейтін) адамдар арнаулы әлеуметтік төлем:

      - арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан;

      - БЖЗҚ-дан МКЗЖ және (немесе) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінен (жоғарыда аталған тұлғалардың оларды алуға келісімі болған кезде) беріледі.

2024 жылғы жағдай бойынша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс істемейтін (еңбек етпейтін), 55 жасқа толған, пайдасына жиынтығында кемінде 84 ай бойына МКЗЖ төленген тұлғалар республикалық бюджет қаражаты және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері есебінен берілетін арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға тиісті өтінішпен жүгінулері қажет. Төлемдерді алуға арналған өтініште БЖЗҚ-дан төлемдерді алуға өзінің келісімін көрсету қажет болады.