NCALayer бағдарламасын компьютерге орнату туралы

NCALayer бағдарламасын компьютерге орнату туралы

Егер Сізде www.egov.kz немесе www.elicense.kz "Электрондық Үкімет" порталында мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішке қол қою кезінде мәселе туындап, "NCALayer ҚАТЕСІ" терезесі пайда болса, онда NCALayer орнату және ЭЦҚ пайдалану үшін төменде көрсетілген қадамдарды орындау қажет:

  • Веб-шолғышты ашып, іздеу жолағына «NCALayer-ді жүктеу» деп теріңіз;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының ресми сайтына өтіңіз;
  • Жүктеп алу үшін «NCALayer for Windows 64-bit» нұсқасын таңдап, оны басыңыз;
  • Жүктеп алу қалтасында жүктелген «NCALayerInstall_x64» файлын ашыңыз;
  • Содан кейін NCALayer орнату терезесі пайда болады;
  • «Келесі» батырмасын басып, орнату процесі аяқталғанша күтіңіз.

 

NCALayer орнатылды және өтінішке қол қою үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны сәтті пайдалана аласыз.