Бүлінген жерлерді қалай қалпына келтіруге болады

Бүлінген жерлерді қалай қалпына келтіруге болады
Бүлінген жерлер – адамның өндірістік қызметі нәтижесінде бастапқы ландшафтын және өзге құндылығын жоғалтқан немесе топырақ жамылғысыныңгидрологиялық режимінің және жер рельефінің бүлінуіне байланысты қоршаған ортаға теріс әсер ету көзі болып табылатын жерлер.
Жерлерді қалпына келтіру – белгілі бір мақсатта пайдалану үшін бүлінген жерлерді, оның ішінде бүлінген жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан іргелес жатқан жер учаскелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені.
 

«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» қызметті онлайн алу ("электрондық лицензиялау" www.elicense.kz порталында):

 

  1. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  2. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  3. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
  4. Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​
​​​​​​​Қосымша ақпараттарды Алтынсарин көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ алу болады. Байланыс телефон 8 (7132) 417049, инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшасы:  aqtobe_zher_qatynastary_bolimi.