"АТК Qyzmet" ЖШС жаңа коммуналдық кәсіпорны құрылды

"АТК Qyzmet" ЖШС жаңа коммуналдық кәсіпорны құрылды
1 тамыздан бастап "Ақтөбе ӘКК" АҚ базасында "АТК Qyzmet" ЖШС жаңа коммуналдық кәсіпорны құрылды. Кәсіпорын қаланы тазалаумен айналысады. Осыған байланысты бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясы өтті.
 
Қала әкімі Азамат Бекет пен "Ақтөбе ӘКК" АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Қайратов қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жағдайын тұрақтандыру жөнінде және жаңа ұйымның жұмысы туралы айтып берді.
 
Тамыз айынан бастап Ақтөбеде үш компания қоқыс шығарады - жұмыс істеп тұрған "NEO PLUS" және "Таза Қарғалы" компанияларына тағы бір "АТК Qyzmet"ЖШС операторы қосылды. Жаңа кәсіпорын "Ақтөбе" ӘКК базасында ашылады. Еншілес ұйымның басшысы болып Ілияс Шаяхметов тағайындалды.
 
Өздеріңіз білетіндей, “Clean City” Ақтөбеде өз қызметін тоқтатады. Бас кеңсесі Астанада орналасқан бұл ұйым қала аумағының 60% - ға жуығына қызмет көрсетті: Астана ауданының бір бөлігінде, Алматы ауданының бір бөлігінде. Бұл қаланың ескі бөлігі, "Құрмыш", "Мәскеу", "Сазды", "Болашақ" аудандары, Қарғалы тұрғын алабы, Махамбет, ВОХР, Кірпішті, сондай-ақ бірқатар бау-бақша ұжымдары. Енді "Clean city" абоненттік базасы жаңа кәсіпорынның балансына көшуде. Қазір "АТК qyzmet" қажетті құжаттарды қалыптастыру және қол қою сатысында, кәсіпорын қызметкерлері өз міндеттерін орындауға кірісуде. Бүгіннен бастап "Clean City" ЖШС-нің 133 қызметкері "АТК Qyzmet" - ке жұмысқа ауысты. 
 
Сондай-ақ қазір қаладағы ахуалды оңтайландыру мақсатында қалалық әкімдіктің қолдауымен жаңа ұйымға балансқа берілген техникадан бөлек қосымша техникалар ұйымдастырылуда. Жалпы саны                     29 техникамен жұмысты бастады.
Жалпы саны 54 бірлікті құрайтын арнайы техника сатып алу үшін бюджеттен 3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде               25-і қоқыс шығаратын техника. Оның 5-еуі қалаға әкелінді. Енді 5 техника 10-шы тамызға дейін келеді. Ал қалған 15 техника қыркүйек айының соңына дейін жеткізілетін болады.
 
Жақын арада абоненттік базаны жаңарту және call-орталық құру жоспарлануда. 
Біз абоненттерімізге ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасы азаматтардың мәдениетіне, санасына тікелей байланысты екенін жеткізгіміз келеді. Бүгінгі таңда халықтың 60% - ы ғана қоқыс шығаратын компаниялардың қызметіне ақы төлейді. Егер тұрғындар шоттар бойынша дұрыс төлейтін болса, онда қоқысты шығаруда проблемалар болмайды.
 
Жалпы, қазір Ақтөбе қаласы бойынша 3 мердігер мекеме қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысады. Олар: «НЕО Плюс» ЖШС, «Таза Қарғалы» ЖШС, «АТК Qyzmet» ЖШС.
«НЕО Плюс» серіктестігінде 12 техника бар. «Таза Қарғалы» мекемесінде 6 техника бар. 
 
Қала аумағында 606 қоқыс алаңы бар және 4 704 қоқыс контейнерлері орналасқан. (2891 еуро контейнерлер, 1813 металл контейнерлер).
Ағымдағы жылы қала аумағында 1847 контейнерлер орнатылып (1547 еуро, 300 мателлды контейнерлер), тамыз айының соңына дейін 460 жаңа контейнер қондыру жоспарлануда (180 еуро, 280 металлды контейнерлер).
 
2022 жылы қала аумағынд 188 қоқыс алаңына бейнебақылау камералары орнатылды. Қазіргі таңда 421 қоқыс алаңы бейнебақылау камераларын орнату қажет етеді.