Ақтөбе қаласының ойын-сауық және көңіл көтеру мекемелерінде орын алып отырған қылмыстардың жай-күйі Ақтөбе қаласының тұрғындарын қатты алаңдатып отыр.
Статистика бойынша, ағымдағы жылдың басынан бастап "102" жедел басқару пультіне 800-ден астам қоңырау келіп түскен, оның ішінде орын алған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі түнгі 2-ден кейін жасалған.
Осыған байланысты, қоғамдық тамақтану және ойын-сауық орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде ағымдағы жылдың 4 шілдесінде Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіровтың төрағалығымен Ақтөбе облысының полиция Департаменті, Ақтөбе қаласының полиция басқармасы және Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп, ең көп қылмыс, құқық бұзушылық орын алғандар тізіміне енген Ақтөбе қаласының ойын-сауық мекемелерінің басшыларымен кеңес өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша ойын-сауық мекемелерінің басшыларына жұмыс уақытын түнгі сағат 02.00-ге дейін шектеу ұсынылды.