Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев 71 жасында өмірден озды

Мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев 71 жасында өмірден озды

Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, Ақтөбе облысының құрметті азаматы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев өмірден озды.
Әр жылдары Қызылорда облысының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, премьер-министрдің орынбасары, Ақтөбе облысының әкімі, Жамбыл облысының әкімі қызметтерін атқарды.
Бердібек Машбекұлы "Отан", "Барыс", "Парасат", "Құрмет" және басқа да көптеген марапаттардың иегері. Игі істері мен жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталар біртуар арда азаматтың мезгілсіз  дүниеден өтуіне орай отбасына, жақын туыстарына қайғысына ортақтасып, көңілді айтады.

Ақтөбе қаласы әкімінің міндетін атқарушы -А.Хамиев, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы -А.Даржанова, Ақтөбе қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы -А.Мырзалин