Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар

Мемлекеттік қызметтер  бойынша семинар

Ақтөбе қаласының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша семинар өтті. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің қызметкерлерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімелесу өткізілді. ​ Аталған семинарда мемлекеттік қызмет көрсетудегі қателіктер бойынша мамандармен сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар мен ұсынымдар берілді.