Шомылу кезеңінде қауіпсіздік шаралары жалғасатын болады

Шомылу кезеңінде қауіпсіздік шаралары жалғасатын болады

1 маусымнан бастап ресми түрде суға шомылу маусымы ашылды.
Осыған байланысты рейдтік шараларға тартылатын Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық қызметтері мен Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының жеке құрамымен жалпы қалалық жиын (развод) өткізілді.
Бүгіннен бастап Ақтөбе қаласының ТЖ басқармасы мен Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бірлескен жоспарына сәйкес, жағалауларда күнделікті негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін болады. Онда демалушыларға су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жадынамалар тарату және заң бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылатын болады.
Атап айтатын болсақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364, 412, 440, 582 баптарымен төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлері әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынады.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ағымдағы жылы қала бойынша 17 жеке, 1 коммуналдық жағажай және 2 аквапарк жұмыс жасайды.
Статистикаға жүгінетін болсақ, 2022 жылдың суға шомылу маусымында қаламыздың су айдындарында 9 адам суға кетті, оның ішінде 3-еуі бала. Мұның негізгі себептеріне келетін болсақ:
- белгіленбеген жерлерде суға шомылу;
- спирттік ішімдіктер ішіп суға шомылу;
- жүзе алмау және балаларды қараусыз қалдыру.
Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша жұмыстар маусым бойы жалғасатын болады.