Мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшіні ресімдеу

Мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшіні ресімдеу

Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Ымдау тілі маманының және 1 топ мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшімен қамтамасыз ету қызметтеріне құжаттарды ресімдеуге Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз жазуыңызға болады. Мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) операторына жүгінуіңіз қажет.
ХҚКО-на қажет құжаттар:
1. Жеке басты куәландыратын құжат;
2. Мүгедектігі бар анықтама;
3. АОЖБ анықтамасы.
ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз беру үшін мүгедек адамнан Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
1. жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) туралы;
2. мүгедектікті белгілеу туралы;
3. АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Мобильді азаматтар базасында көрсетілетін қызметті алушының телефонының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының телефонының абоненттік нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан Әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.