Қала күніне орай қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Қала күніне орай қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Қала күніне орай қалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Мақсаты: Жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, экономикалық-әлеуметтік тұрмысты жақсарту.
Жәрмеңкеге өндірістік және жеке оқу орталықтары, медициналық қызмет көрсету саласы бойынша 23 мекемелер мен кәсіпорындар қатысып 489 бос жұмыс орындарын ұсынды: «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ, Ақтөбе көлік, байланыс және технологиялар колледжі, «Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі» «Тілашар» Оқу орталығы, «Айгерім» емханасы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Ақтөбе филиалы, Қазгидромет РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы, «Шпаль завод» ЖШС, «Казкомсервис» ЖШС, «Глобал спецодежда» ЖШС, «Гелиос» ЖШС және т.б.
Ұсынылған бос жұмыс орындары: заңгер, эколог, кітапханашы, әдіскер, әлеуметтік педагог, медбике, есепші, логопед, математика пәнінің мұғалімі, бастауыш сынып мұғалімі, ағылшын пәнінің мұғалімі, орыс тілі пәнінің мұғалімі, менеджер көмекшісі, менеджер, қойма меңгерушісі, аудармашы, техник бағдарламашы, хатшы, арматуршы, жұмысшы жүргізуші, техник химик, және т.б.
Жәрмеңке барысында жолыққан жұмыссыздарға тұрақты бос жұмыс орындарымен қатар, енгізілген жаңа бағдарлама «Ұлттық жоба» аясында белсенді шаралар және атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу туралы және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтары бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні Ақтөбе қаласы бойынша Электронды еңбек биржасы (www.enbek.kz) порталында 834 бос жұмыс орны және 1100 түйіндеме орналастырылған.
Жыл басынан 7 бос жұмыс орындары жәрменкесі өткізілді, оның ішінде 5-еуі мамандандырылған бос жұмыс орындары жәрменкесі.